ТермоБСИ - быстросъемная изоляция
Көп арналы: +7 (3842) 76-99-00 Факс: 44-13-46 info@termobsi.ru
Өтінім қалдыру |  

ТермоТАО — инжиниринг, өндіріс, тез алынатын оқшаулағыштың (ТАО термоқаптарды) монтажы және жеткізіп беру, құбыр желілері және жабдықтардың жылу жүйелері саласындағы инновациялық компания. Компания Компенз-Эластик зауытымен бірге топта жұмыс істейді және термоқаптардың және маталы өтемдеуіш нарығында көшбасшы болып табылады.

Өндірістің әлемдік озық тәжірибелерін пайдалана отырып біз -200°C –тан 1200°C-қа дейін температуралар диапазонында жоғары сападағы тез алынатын жылу және дыбыс оқшаулағышын әзірлейміз.

Термоқаптар (ТАО) ТШ 5762-003-62424578-2012 Техникалық Шарттар бойынша дайындалады. Қажет болған кезде оқшаулағыштың ішінде жағымды температуранры қолдау үшін жылыту жүйесі қосымша кірістіріледі. Термоқаптар арматураны, тетіктерді, реттегіштерді, желілерді, ернеумек арқылы жалғастыруды, дәнекерленген жікті, сорғылы агрегатты, турбиналарды, сұйыққұймаларды оқшаулау үшін, сонымен қатар кез келген геометриялық күрделі жабдықтарды оқшаулау үшін қолданылады. 

ҚЫЗМЕТТЕР
Термоқаптарды қолданылады:
  • Қызметкерлерді және жабдықтарды температуралық әсерлерден қорғау
  • Жылулық ағынның нормативтік тығыздығын қамтамасыз ету
  • Тасымалданатын сұйықтықтардың қатуын болдырмау
  • Ортаның берілген төмендеу (жоғарылау) температурасын қолдау
  • Оқшаулағыштың бетінде қажетті температураны қамтамасыз ету
ТЕЗ АЛЫНАТЫН ОҚШАУЛАҒЫШТЫҢ ӨНДІРІСІ
(ТАО ТЕРМОҚАПТАРЫ)
Тез алынатын жылу оқшаулағышын жобалау және өндіру ұсынылған сызбалар,
өлшеулер немесе фотосуреттер негізінде орындалады.
Өтінім бойынша алдын
ала жобалауды
іске асырамыз
Өлшеу үшін тапсырыс
берушінің нысанына шығу
мүмкіндігі бар
Жоба бойынша деректерді
кез келген уақытта қалпына келтіру үшін оқшаулағышты
жеке нөмірмен кодтау
Өтінім қалдыру
Біздің серіктестеріміз
Жеткізу картасы Карта
СЕРТИФИКАТТАР

Біздің барлық өнімдеріміз сертификатталған және патенттелген

КЕҢЕСКЕ ТАПСЫРЫС БЕРУ
Жоғары