ТермоБСИ - быстросъемная изоляция
Көп арналы: +7 (3842) 76-99-00 Факс: 44-13-46 info@termobsi.ru
Өтінім қалдыру |  

Тасымалдауға арналған термоқаптар

Термоқаптар бөлімшеленеді:

  • Теміржол сұйыққоймаларына, автоцистерналарға, мүнай химиялық заттары бар әртүрлі сыйымдылықтарға арналған Термоқаптар;
  • Тасымалданатын өнімдерді температуралық қорғау үшін тағайындалған, азық-түліктері бар европаллеттер немесе рольбокстарға арналған термоұаптар;

Өнімдерді тасымалдаған кезде термоқаптардың міндеті сыртқы ауаға тәуелсіз, жүктің өзінің температурасын сақтаудан тұрады. Термоқаптар өнімдерді сақтаудың әртүрлі температуралық режімдерімен бірге қатар қолдануға мүмкіндік береді:  

  • Терең тоңазыту (-18оС)
  • Ет пен балық (+2оС)
  • Көкөністер мен  жемістер (+6оС)
  • Банандар жәнеэкзотикалық жемістер (+15оС)
  • Құрғақ өнімдер (+20оС)

Азық-түлік өнімдерін тасымалдауға арналған Термоқаптар

Егер стандартты тасымалдау кезде әрбір температуралық режімге жеке фургон / тоңазытқышы бар вагон қажет болса, онда термоқаптарды пайдаланған кезде қатқақтарды (—18°C), суытылған ет пен балықты (+2°C), жемістер мен көкөністерді (+6°C), банандар мен экзотикалық жемістерді (+15°C), сонымен қатар құрғақ өнімдерді (+20°C) бірге тасымалдау мүмкін болады. Ол тасымалдауға арналған шығындарды мейлінше қысқартуға мүмкіндік береді.

Әртүрлі биіктіктегі жүгі бар европаллетті тасымалдау үшін біз биіктігі реттелетін термоқаптарды дайындадық. Ол бір құрылымның термоқабын жүктің әртүрлі биіктігіне қолдануға мүмкіндік береді.

Термоқаптарды пайдаланудың артықшылықтары:

Термоқаптарды пайдалану тауарды түсірген кезде температураның шабысын азайтады , өнімдерді шаңнан, кірден және сыртқы ортаның әсерінен қорғайды. Жүкті дайындалмаған қоймаларда қысқа мерзімде сақтау кезінде термоқаптар өнімдерді сақтаудың нормаланған температурасын қолдайды.

Жабынды қабаттардың жоғары беріктігінің арқасында, біздің термоқаптар қызмет етудің барлық мерзімі (5 жылдан артық) бойында сәтті қызмет етеді. 

Қолданудың фотогалереясы
Өтінім қалдыру
Жоғары